Баннер лого - 2
ЭкоДиалог
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПИЛОТТЫҚ
ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

Қазақстан Республикасында тіркелген үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) пилоттық экологиялық жобалар байқауына қатысуға шақырамыз.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 1 маусымға дейін (Алматы уақыты бойынша 23:59-ға дейін)

Байқау «ЭкоДиалог – мемлекеттік органдармен диалогқа белсенді қатысуы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы адам құқықтарын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның азаматтық қоғам ұйымдарын нығайту» жобасы аясында өткізіледі. Жобаны «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» орталығы (Алматы қ., Қазақстан) Health and Environment Justice Support e.V. ұйымымен (Дахау қ., Германия) және «Ангел» ҚБ-мен (Атбасар қ., Қазақстан) серіктестікте, Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жүзеге асырады.

Байқау жайлы

«ЭкоДиалог» жобасы аясындағы байқау Қазақстанның елді мекендеріндегі нақты экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған ҮЕҰ-дардың пилоттық жобаларын қолдайды.

Ерекше назар аударылатын заттар:

  • практикалық нәтижелерге
  • жергілікті қауымдастықтардың қатысуына
  • әйелдер мен жастардың қатысуына

Жобалар 2–4 ҮЕҰ-дардан тұратын уақытша бірлестіктер (консорциумдар) форматында іске асырылады.
Ең үздік бастамалар қаржылық қолдау мен сараптамалық сүйемелдеуге ие болады.

Ескеру маңызды:

  • әрбір консорциум 4 пилоттық жобаны іске асырады
  • іске асыру мерзімі – 7 айға дейін
  • бір ҮЕҰ тек бір консорциум құрамында ғана қатыса алады

Басымдық келесі жобаларға беріледі:

  • қалдықтарды басқару саласында
  • климаттың өзгеруі саласында
  • әйелдер мен жастардың қатысуымен
  • Ақмола, Алматы және Жетісу облыстарының ауылды мекендерінде іске асырылатын жобалар

Жеңімпаздар не алады:

  • 12 000 еуроға дейін қаржылық қолдау
  • жобаны тәжірибе жүзінде іске асыру мүмкіндігі
  • сараптамалық және әдістемелік қолдау
  • команда әлеуетін күшейту
  • ұйымның танымалдылығын арттыру

Қаржыландыру

Қаражатты келесі мақсаттарға пайдалануға болады:

  • іс-шараларды өткізу (тренингтер, семинарлар, кездесулер және т.б.)
  • инфрақұрылымды дамыту (контейнерлер, қалдықтарға арналған бокстар және т.б.)
  • сараптамалық және ақпараттық материалдар дайындау
  • қоғамдық талқылауды қоса алғанда, қоғамдық бақылау іс-шараларын ұйымдастыру
  • жобаны іске асыруға байланысты әкімшілік шығындар
  • экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да іс-шаралар

Қаржыландыру тек жаңа жобаларға беріледі
(ЕО тарапынан қосарланған қаржыландырусыз).

Өтінімді қалай беру керек

Өтінімді консорциум қатысушылары пилоттық жобалар бойынша жұмысты үйлестіру үшін таңдаған жетекші ҮЕҰ ұйым жібереді.

  • өтінім нысандарын толтыру
  • керекті құжаттар пакетін жинақтау
  • барлығын Консорциумның атынан бір хатпен келесі мекенжайға жіберу: project@csd-center.kz

Өтінім тілі: қазақ немесе орыс тілі.

Мерзімдер:

  • Байқау шарттарын түсіндіру үшін ақпараттық сессия — 2026 жылғы 24 сәуір
  • Өтінімдерді қабылдау — 2026 жылғы 1 маусымға дейін
  • Нәтижелерді жариялау — 2026 жылғы 25 маусым

Байланыс:

Сұрақтарыңыз болған жағдайда:

Платформа: ecodialogue.kz

Құрметті байқау қатысушылары!
Сәтті қатысу үшін Сіздерден байқау туралы ақпаратпен мұқият танысып, өтінім нысандарын дұрыс толтыруларыңызды сұраймыз. Біз сізге өтінімді дайындау кезеңінде қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз.
Сәттілік тілейміз!